Республиканың солтүстік өңірлеріндегі ауа райына бұрынғыдай солтүстік циклон әсер етеді, оңтүстік өңірлер оңтүстік циклонның ықпалында болады, сондықтан қар жауып, боран соғады.
«14 ақпанда Қызылорда, 14-15 ақпанда Түркістан, 15 ақпанда Жамбыл, Алматы облыстарында, Жетісу облысында қалың қар, күндіз оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ құбылыстары болжанады», — деп жазылған хабарламада.