Куәгерлер ит өлексесі салынған 15 қап табылғанын айтады. Тұрғындардың сөзінше, арасында алабай тұқымды иттер де бар.
Өлекселелердің кесірінен аймақта жағымсыз иіс тараған. Қызметкерлерге арнайы киім мен медициналық маска да көмектеспеген көрінеді.
Айта кету керек, иттердің өлексесі табылған арық тұрғын үйлердің жанында орналасқан.
Тұрғындар иттердің өлекселерін әлдекімдердің суға үнемі тастайтынын алға тартады.
«Өлексе бөлшектері бақша суғаруға арналған су арқылы жұрттың есік алдына да келіп жатады, арасынан иттің басын, ішек-қарнын, терісін де кездестіруге болады. Алғаш рет мұндайға бөрене жинап жүрген жұмысшылар тап болған», – дейді жергілікті тұрғындар.
Полиция департаментінің қызметкерлері құқықбұзушылыққа қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.