12 °c
Qonaev
Сенбі, Наурыз 25, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Алматы облысында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылды

Үкімет қаулысымен 2048 жылға дейінгі кезеңге Алматы облысында ауданы 30 мың га G4 City арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты жазды.

Ғалия Мұхамбетқызы
17.03.2023
Жаңалық
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Экономикалық аймақ Алматы қаласының солтүстігінде, ұзындығы 80 шақырым А3 тас жолының (Алматы – Қонаев) бойында орналасқан, оның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді. Жаңа экономикалық аймақ G4 City интеграцияланған қаласын құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климат ұсынады деген жоспар бар, бұл өз кезегінде бүкіл аймақтың дамуына жаңа серпін береді.

Мәселен, 2048 жылға дейін АЭА шеңберінде шамамен 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту, құны 17 трлн теңгеден астам қызметтер мен тауарлар өндіру, сондай-ақ 60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Жалпы, жаңа экономикалық аймақтың қызметі G4 City-де туризм, медицина, көлік-логистика, білім беру және мәдени-демалыс салалары инфрақұрылымының жедел дамуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, АЭА режимі нысандарды салуға кететін негізгі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында G4 City жобасымен танысқан болатын. G4 City даму тұжырымдамасына сәйкес интеграцияланған қала төрт ауданнан тұрады: Gate City – іскерлік және қаржылық орталық, Golden District – білім беру және медициналық хабы, Growing District – инновациялық-индустриялық және сауда-логистикалық аймақ, Green District – туристік кластер. G4 City-де шамамен 2,2 млн адам тұрады деп болжанып отыр.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Ұсынымдар

2024 жылы Өтеген батыр ауылында Мәдениет үйі қолданысқа беріледі

24.03.2023

Алматы облысында халықты жайылым жермен қамтамасыз ету үшін комиссия құрылады

24.03.2023
Фото: Аслан Қажеке

Марат Сұлтанғазиев «Береке» аймағын инженерлік желімен қамтуды тапсырды

24.03.2023
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматтан қару тәркіленді 

24.03.2023

Шарын ұлттық саябағында Sharyn визит-орталығы ашылды

24.03.2023

«Qnet» қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

24.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz