-2 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Алматы облысында «Қоғамдық қабылдау» өз жұмысын қырытындылады

«AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі жылдық жұмысын қорытындылады

Мади САЙДИЛЬДИН
27.12.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалында жалпы 10 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істеп тұр. Оларға жыл басынан бері 20 мыңға жуық арыз-шағым келіп түсті. Оның ішінде 12 мыңнан аса өтініш оңтайлы шешіліп, 7 397-не заң аясында кеңестер берілді.

Қабылдауларда көтерілген мәселелер және электронды база арқылы тіркелген арыздардың көп бөлігі әлеуметтік көмекке мұқтаждық, тұрғын-үй коммуналдық мәселелер, баспана және жер учаскесін алу, сондай-ақ еңбек құқығын қорғау оның ішінде жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан шығару және еңбекақы өндіруге сондай-ақ тағы да басқа мәселелерге қатысты.

Жыл басынан бері жалпы 3 мыңнан аса қоғамдық қабылдау өткізіліп, 5 мыңнан аса азаматтың мәселесі қаралды. Оның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары тұрғындарға 27 жеке қоғамдық қабылдау өткізіп, 121 азаматтың ұсыныс-тілегін тыңдады. Мәслихаттағы партия фракциясы депутаттары да 1337 қабылдау жүргізген. Олар 1 799-дан аса тұрғынмен кездесіп, өтініштердің оң шешілуіне атсалысты.

Мұнан бөлек әкімдер, әкім орынбасарлары, жергілікті мемлекеттік органдар, департамент және басқарма басшылары, партияның атқарушы хатшылары, заңгерлер және адвокаттар, медиатор қызметкерлері өңір халқының мәселесін заң аясында қарады. 1 641 қоғамдық қабылдау өтті. Онда 2 533 азамат өз ұсыныстары мен жобаларына қолдау сұрады.

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz