Ведомство аталған құрылғылар алаяқтық схемаларда кең көлемде қоңыраулар шалу, хабарламалар жіберу және абоненттік нөмірлерді өзгерту мақсатында қолданылғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, тінту кезінде әртүрлі мобильді операторларға тиесілі 5 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 213-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап ұялы байланыс құрылғыларының идентификациялық кодтарын заңсыз қолдану, өзгерту және таратуәрекеттерін қамтиды.
Қазіргі уақытта күдіктілер екі айға қамауға алынды, олардың интернет-алаяқтық әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Фото: Оңалхан Өнерхан