«Күрделі операция барысында «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісін қолдан жасау немесе интернет-ресурсы арқылы Алматы қаласында және ҚР басқа да өңірлеріне сатуды ұйымдастырған 2 адам ұсталды», — деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Аталған факт бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаменті тергеу материалдарын ҚР Ата Заңының 297-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркеді.
Айта кету керек, қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны жарты миллиард теңгеден асады.