Алматыда студенттерге жатақханадан орын жетіспейді. Тапшылық 40 417 төсек-орынды құрайды. Абай атындағы ҚазҰПУ жанында жалпы сыйымдылығы 2100 төсек-орыннан асатын бес жатақхана бар. Биылғы жылы университетке бірінші курсқа 3000-нан астам студент түсті. Орындарды бөлу ережелеріне сәйкес орындар халықтың әлеуметтік осал топтарынан бірінші курс студенттері арасында басым тәртіппен бөлінеді.
«Оқу басталды, бірақ мен әлі барған жоқпын. Өйткені Алматыға барсам, қайда тұрамын? Менде пәтер жалдауға ақша жоқ. Жұмыс істесем қашан оқимын? Егер студенттерді жатақханамен қамтамасыз ете алмаса, университет неге сонша бірінші курс студенттерін қабылдайды», – дейді студенттердің бірі.
Ал оқу орнының әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов оқу орнының басшылығы 800-ден астам орынға арналған қосымша жатақханалар мен хостелдерді іздеу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтқан.
«Сондай-ақ, салынып жатқан 350 орындық жатақханалармен келісімшарт жасау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олар қыркүйек айының соңына дейін іске қосылады, онда да жоғары курс студенттерін орналастыруды жоспарлап отырмыз. Біз әлеуметтік осал студенттерді қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деп толықтырды проректор.
Ал студенттердің әзірге қыркүйек айының соңына дейін қайда тұратыны белгісіз.