-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Апаттан зардап шеккен екібастұздықтардың шығынын ОАЭК өтейді

ОАЭК Екібастұздағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген шығынды өтейтін болады. Бұл туралы брифингте Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук мәлімдеді.

Ғалия Мұхамбетқызы
05.12.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«ОАЭК» АҚ бүлінген үйлерге келтірілген шығынды өтейді. Зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр», – деді Крук.

Крук, сонымен қатар, жөндеуге және көтергіштер мен батареяларды ауыстыруға байланысты пәтерлері жылусыз қалған бірнеше проблемалы көпқабатты тұрғын үйдің мекенжайын атады.

«Әсіресе, Сәтбаев 8, Мәшһүр Жүсіп 52, Әуезов 46, 46-А, 47, Шешенбеков 19-А мекенжайындағы үйлерде проблема бар. Штаб жетекшісі, Премьер-министрдің орынбасары жөндеу қызметінің жұмысын қайта үйлестірген болатын. Енді әр үйге бір-бір кәсіпорын бекітілді. Ол кәсіпорындардың бірінші басшылары бекітілген үйдегі ақауды жою жұмыстарының басы-қасында жүр – қатқан желіні жібітіп жатыр. Бұл басшылар бүкіл ақау жойылғанша осы істің басында болады», – деді Олег Крук өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Бұған дейін ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин де монополист компания жылу желілеріндегі апат салдарынан пәтерлері бүлінген Екібастұз тұрғындарына барлық жөндеу шығындарын өтейтінін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда кезекті брифингте Крук барлық үйлердің жылу тораптарына салқындатқыш берілгенін хабарлады.

Сондай-ақ, орамішілік желілер қалпына келтірілді, көтергіштер мен батареялар қалпына келтірілді. Кейбір үйлерде ПИК мамандары жылыту жүйесін дұрыс ағызбағаны атап өтілді. Салдарынан мұз қатты. Қазір бұл үйлердегі көптеген батареяларды ауыстыру қажеттілігі туындады. 70-ке жуық жеке тұрғын үй жылусыз қалады.

Екібастұз ЖЭО-сын бас­қаратын «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС – «Павлодарэнерго» АҚ-ның еншілес кәсіпорны. Ал «Пав­лодарэнерго» «Орталық-Азия Электрэнергетикалық Кор­пора­циясы» акционерлік қоғамының («ОАЭК» АҚ) құрамына кіреді.

Орталық-Азия Электрэнер­гетикалық Корпорациясы» («ОАЭК» АҚ) 2008 жылғы 8 та­мыз­да құрылған. Ол еліміздің біраз қа­ласының жылу-электр жүйе­ле­ріне иелік етеді.

Тегтер: ЕкібастұзПавлодар

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz