Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Бұл қызметті атқарған Болат Ақшолақов лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан президенті әкімшілігінің өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.