Синоптиктердің мәліметінше, ақпан айының басында солтүстік-батыс циклонының әсерінен бұлтты ауа райы (қар, көктайғақ және жаңбыр) болжанады, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады. Республика бойынша екпінді жел соғады, тұман түседі, көктайғақ болады.
Республиканың басым бөлігінде ақпанның алғашқы күндерінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:
- республиканың батысында және оңтүстігінде күндіз 0+10°С дейін;
- республиканың солтүстік жартысында түнде -2-7°С дейін, күндіз -4+1°С дейін.
Еліміздің шығысында және орталығында негізгі температуралық фон түнде -12-20°С, күндіз 0-8°С жылы болады деп болжануда.
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Қазақстанда Салехард облысынан келетін суық антициклонның әсерінен ауа температурасының төмендеуі болжанады:
- республиканың солтүстік жартысында түнде -28-35°С дейін, күндіз -20-25°С дейін;
- оңтүстік жартысында түнде -13-20°С, күндіз -5-12°С дейін, таулы аймақтарда және оңтүстік облыстардың солтүстігінде түнде -30°С дейін, күндіз -20°С дейін.
Суық антициклондар шабуылы кезінде қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері ауа температурасы төмендейді:
- Қазақстанның солтүстік жартысында және орталығында түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін;
- республиканың оңтүстік жартысы мен оңтүстік-батысында түнде -12-22°С, күндіз -3-15°С дейін.
Циклондық белсенділік кезеңдерінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:
- Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз -5+3°С дейін,
- Республиканың оңтүстік жартысы мен оңтүстік-батысында күндіз +5+15°С дейін.
Бұған дейін синоптиктер 2025 жылдың 3 ақпанында Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялаған болатын.