Мұздатылған эмбриондардың дүниеге келуі ғалымдар үшін «ұзақ күткен» тарихи сәт болды. Эмбриондар 1992 жылдың 22 сәуірінен бастап сұйық азотта, -128C температурада сақталған. Егіздер биыл 31 қазанда аман-есен дүние есігін ашқан.
Ұлттық донорлық эмбриондар орталығының мәліметінше эмбриондардан 1200-ден астам бала туғызуға болады. Сәбилер Лидия-Энн және Тимоти-Рональд Риджуэй мұндай жолмен дүниеге келгендер арасында жаңа рекорд орнатты. Олардан бұрын таңқаларлық жағдайда Молли Гибсон атты сәби дүниеге келген еді. Ол 27 жыл мұз болып, қатып жатқан эмбрионнан 2020 жылы дүниеге келген.
Риджуэйдің егіздерге дейін 1-8 жас аралығындағы төрт баласы болған. Олардың барлығын табиғи жолмен, донорларсыз, жасанды ұрықтандырусыз туған.
NEDC ұйымының хабарлауынша, мұздатылған эмбриондарды сақтау уақыты шектеулі емес. Бірақ 100 жыл сақтаған эмбрион жарамсыз болуы ықтимал. Мұздатылған эмбрионнан пайда болған алғашқы сәби 1984 жылы Австарлияда дүниеге келді.
Ал эмбрион күйінде ұзақ уақыт сақталып, биыл ғана дүниеге келген егіздер уақытында туылғанда биыл 30-ға келер еді.