Бұл жерде әлемдегі ең алып ағаш – секвойялар көп кездеседі. Тілсіз жау қазірдің өзінде 600-ден астам аумақты жалмап үлгірген.
«Құтқарушылар келіп, шұғыл көшіңіздер деді. 4 сағат жарық болған жоқ. Өрт тез тарап жатыр», – дейді куәгер.
Бірақ әзірге нәтиже шамалы. Оттың шығуына 10 жыл бойы қайтпай қойған аптап ыстық пен құрғақшылық себеп болған.