16 °c
Qonaev
Жұма, Қыркүйек 22, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Ақсуда жыл соңына дейін қант қамысы өңделеді

Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ақсу ауданына іс-сапармен барып қайтқанда белгілі болды.

Назым Текеспаева
04.07.2022
Аймақ, Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Ақсу ауданындағы іргелі шаруашылық «Ақсу қант» зауытының жетекшісі Самат Нәдірбаевтың айтуынша, өткен жылы 64 866 тонна қант қызылшасынан 7,7 тонна дайын өнім алған. Биыл жыл соңына дейін қант қамысын өңдеу қолға алынбақ.

Зауыттың мүмкіндігін көрген өңір басшысы Бейбіт Өксікбайұлы  алқаптарға су жіберу, ауыспалы егіс жүйесін сақтау, субсидия беру арқылы қант қызылшасын өсіруге қолдау білдірілетінін айтты. Сондай-ақ, зауыт басшысына шаруашылықтармен бірлесіп, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарды пысықтауды тапсырды.

«Ең алдымен суармалы судың мәселесін шешуіміз керек. Қазір суару каналдарын қайта жаңғыртып, қалпына келтіріп жатырмыз. Қант қызылшасын да, қант қамысын да қатар өңдейміз. Көксу қант зауыты соның арқасында жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Осындай жүйеге Ақсу зауыты да көшуі керек. Өз кезегінде зауыт іргелі кәсіпорын ретінде қант қызылшасының сапасын көтеру ісіне белсене атсалысуы тиіс. Мемлекет қажетті көмек жасап отыр, соған лайық сіздер тарапынан да бастамалар болуы керек, қызылша өсіруші шаруашылықтармен бірігіп жұмыс істеп, оларға жәрдем жасап отырсаңыздар, екі тарапқа да тиімді болар еді. Қазір алқаптардағы жұмыстың басым бөлігі қол күшімен атқарылады, ол – ауыр еңбек, сондықтан оны механикаландыруға назар аудару керек», – деп толықтырды облыс әкімі.

Ақсу ауданына арнайы іс-сапармен келген облыс басшысы іргелі істерді атқаруда бірлесіп қана нәтижеге қол жеткізуге болатынын ескертті. Өңірді дамытуға барынша қолдау жасайтынын да жасырмады.

Тегтер: Жетісу облысы

Ұсынымдар

Алматы облысында шетелдіктер 10-ға жуық пәтерді тонаған

22.09.2023

Елімізде ерекше қорғалатын 2 табиғи аумақ ЮНЕСКО мұрасы тізіміне енді

22.09.2023

Астанада Алматы облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

22.09.2023

Бақытжан Сапиев Президент әкімшілігінің бөлім басшысы болды

22.09.2023

ШЫҰ-ға мүше елдердің делегаттары Алматы облысына жиналды

22.09.2023

Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

22.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz