-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Ақтөбеде ерекше күтімді қажет ететін балаларды ұрып-соққан санитар сотталды

Ақтөбеде «Үміт» үйінде тәрбиеленіп жатқан ерекше күтімді қажет ететін балаларды ұрып-соққан санитарға сот үкімі шықты. Оған 4 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Alataunews.kz №2 Ақтөбе қалалық сотына сілтеме жасап.

Ғалия Мұхамбетқызы
04.10.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Сотталушы өз кінәсін мойындады. Жәбірленушілердің айғақтары және басқа да дәлелдемелері расталады. Жалпы қылмыстық кодекстің «Қинау» бабы бойынша 4 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қаралған. Сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының шын жүректен өкінетінін, асырауында жас балаларының бар екенін ескерді. Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот санитарды кінәлі деп танып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады», – деп хабарлады Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, айыпталушы 2022 жылдың сәуір айында санитар болып жұмыс істей жүріп, балаларды ұрған. Сот отырысы кезінде әлеуметтік орталық қызметкері кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін білдірді. Жәбірленушілер сотталушыға кешірім берді.

Тегтер: Сотүкім

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz