Бұл уақыт аралығында күн сайын сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары өтеді.
Шектеулер әскери парадқа дайындық және оны өткізу аясында жүзеге асырылады. Осыған байланысты кейбір рейстердің ұшу және қону уақыттарында өзгерістер болуы мүмкін.
Жолаушыларға алдын ала жоспар құрып, әуе компаниялары мен әуежайдың ресми ақпарат көздері арқылы рейстердің мәртебесін тексеру ұсынылады. Ыңғайсыздықтарды болдырмау үшін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ақпараттық қызметіне немесе өз авиакомпаниясына хабарласу маңызды.