Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астаналық ерлі-зайыпты интернет арқылы есірткі сатқаны анықталды

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында telegram арқылы есірткі сатқан ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды Alataunews.kz ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

01.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Астаналық сақшылар telegram арқылы есірткі сатып келген интернет-дүкеннің жолын кесті. Күдікті отбасы астана аумағында ірі көлемде ескірті сатумен айналысқан. Сақшылар әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде аталған интернет-дүкенді назарына алды. Сайт әкімшісінің кім екені анықталғаннан кейін ізіне аңду қойылды. Сол арқылы қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау көзделді», — деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Ақтоты Боранова ведомствоның онлайн брифингінде.

Күдіктілерді ұстау операциясы бір мезетте екі мекенжайда қатар жүргізілген. Дүкен иесі синтетикалық есірткіні жасырып жатқан жерінен ұсталды. Сондай-ақ көліктен сатуға деп дайындалған мефедронның 60 орамасы табылды. Ескірткіні көзден тасалау үшін сыраның умаждалған қаңылтыр банкасына жасырып, көлікке тыққан. Дәл осы кезде пәтерде дүкен иесімен бірге тұрып жатқан әйел де ұсталған. Ол есірткі сататын сайттың әкімшісі екені белгілі болды. Мекенжайды тінту кезінде мефедронның 157 дозасы, есірткі салынған пластик науа, қарасора шайыры салынған 886 капсул табылды.

Енді сақшылар күдіктілердің басқа сыбайластарын ұстауға кірісті.

«Ерлі-зайыптыдан барлығы 3 келі мефедрон және 260 грамм қарасора шайыры тәркіленді. Осылайша елорда көшелеріне жасырылуға тиіс болған 10 мың доза есірткінің жолы кесілді. Қазіргі таңда оларға мефедрон жеткізушілердің байланыс арналары тексеріліп жатыр. Күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, 15 жылға бас бостандығынан айырылып, мүліктері тәркіленуі мүмкін», — деді Ақтоты Боранова.

Тегтер: Есірткіқылмыстық ісНұр-Сұлтан

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области открыт 161-й добровольный пункт пожаротушения «Ауыл құтқарушылары»

Николай Иващенко
13.03.2026

Полицейские Казахстана продолжает изымать незаконное оружие и боеприпасы

Николай Иващенко
13.03.2026

МВД РК обратилось к гражданам перед референдумом

Николай Иващенко
13.03.2026

В ЦИК РК рассказали, как найти свой избирательный участок по ИИН

Николай Иващенко
13.03.2026

За репост какой информации в соцсетях будут наказывать в Казахстане

Николай Иващенко
13.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz