-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Атом электр станциясын салу технологиясы 2023 жылы таңдалады

2023 жылы елімізде атом электр станциясын салу технологиясы таңдалады. Энергетика министрі Болат Ақшолақов бұл ретте 4 елдің технологиясы қарастырылатынын мәлім етті.

Ғалия Мұхамбетқызы
30.12.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«2009 жылдан бастап Қазақстан табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша уран өндіру 21,6 мың тонна көлемінде деген болжам бар. Осы жылы желтоқсанда Қытайға жылу бөлетін жинақтардың бірінші партиясы жеткізілді. Атом электр станциясын салудың оңтайлы орны ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды», – деді Болат Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, АЭС салу бойынша CNNC (Қытай), Росатом (Ресей), KHNP (Корея), EDF (Франция) жеткізушілерінің реакторлық технологияларының тізімі жасалды.

«2023 жылы аталған технологиялардың бірі таңдалады. Тізімде 4 ел ҚХР, Оңтүстік Корея, Франция және Ресей Федерациясы бар. Соның арасынан таңдау жасаймыз. Одан бөлек, Қазақстанның ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жасауда атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің миссиясын ұйымдастыру жоспарланып отыр», – дейді ол.

Тегтер: атомБолат Ақшолақовэлектр станция

Ұсынымдар

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz