Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Атырауда үш күнде 200-ге жуық жасөспірім құқық бұзған

Атырау облысында үш күнде 194 жасөспірім әкімшілік құқық бұзған, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

19.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек 14-16 шілде аралығында өткізілген «Каникул» жедел-профилактикалық іс-шара кезінде анықталған.

«Бұл іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты болдырмау, алдын алу. Сол себептен, іс-шара кезінде кәмелетке толмағандар жиі жиналатын жертөле, саяжай, өзен, көл жағалауы, вокзал, сауда нүктелері секілді орындар тексерілді. Ішкі істер органдарына әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кәмелетке толмаған 194 жасөспірім әкелінді. Жасөспірімдер тарапынан жасалған 211 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Осыған байланысты 211 ересек адам жауапкершілікке тартылды», — дейді жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Орынгүл Көшқалиева.

Айтуынша, ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне бес, тізімдік есепке төрт кәмелетке толмаған жасөспірім, бір қолайсыз отбасы қойылған.

Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше мәселеге назар аудару қажет. Жұртшылықты әсіресе, суға кету, жол-көлік, өрт оқиғалары салдарынан түрлі дене жарақатын алу, көп қабатты үйлердің терезесінен құлау деректері алаңдатып отыр. Бұралқы ит те балаларға қауіп төндіреді. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы полиция мамандары жаппай ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Тегтер: жасөспірімқұқық бұзушылық

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Мәслихаттардың рөлін күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

12 наурыздан бастап: Қазақстанда жол ережесін бұзуды тіркеу тәртібі өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

Алматы облысында күн қашан жылынады: синоптиктер болжам жасады

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

Алматы облысында құтқару қызметінің техникасы жаңарды

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz