Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Auyl sport: үстел теннисі енді ауылдарда қолжетімді!

AUYL SPORT жобасы өз ауқымын кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. Енді бағдарлама аясында ауылдық жерлерде тағы бір қызықты спорт түрі – үстел теннисі қолжетімді болмақ, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2025
Жаңалықтар

Бұл бастама Halyk қайырымдылық қоры мен Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясы арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде жүзеге асуда.

Бұл келісімнің басты мақсаты – ауылдық аймақтарда үстел теннисін дамыту, балаларды спортқа тарту және жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру.

Жоба аясында тараптар әдістемелік қолдау көрсету, жарыстар мен басқа да спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде келісімге келді. Сондай-ақ, бұл ынтымақтастық қайырымдылық мәдениетін дамыту мен бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған.

“Ауылдық жерлерде спортты дамыту – біздің қордың басты міндеттерінің бірі. Біз өңірлерде бұқаралық спортты дамытуға арналған ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеміз. AUYL SPORT жобасына үстел теннисінің қосылуы – балалар мен жасөспірімдер үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы”, – дейді Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов.

2024 жылы іске қосылған AUYL SPORT жобасы ауыл балаларына арналған ең ірі спорттық бастамаға айналды.Былтыр өңірлік турнирлерге 200 елді мекеннен 12 000 жас спортшы қатысып, ал финалға 17 өңірден 1 300 үздік қатысушы өнер көрсетті. Жобада қазірдің өзінде бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахмат енгізілген, ал 2025 жылдан бастап үстел теннисі қосылады.

Тегтер: ауылмал шаруашылығы өнімдерін экспортау

Соңғы жаңалықтар

Глава государства объявил о предстоящей административной амнистии

Николай Иващенко
17.03.2026

Касым-Жомарт Токаев обратился к собравшимся

Николай Иващенко
17.03.2026

Касым-Жомарт Токаев подписал новую Конституцию Республики Казахстан

Николай Иващенко
17.03.2026

В нацпарке «Чарын» в Алматинской области показали необычного зверя

Николай Иващенко
17.03.2026

Дополнительные авиарейсы и железнодорожные составы запустят в Казахстане в праздники

Николай Иващенко
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz