Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ауылда үй салатын құрылыс компанияларын субсидиялау басталды

Елімізде ауыл азаматтары үшін 2 855 тұрғын үй салу жоспарланған. Ол үшін 14,3 млрд теңге қарастырылып жатыр. Бұл жайында Индустрия және инфрақұрылымды даму министрінің міндетін атқарушы Марат Қарабаев мәлім етті.

04.04.2023
Жаңалықтар

«Халықтың ауылдық және шекара маңындағы аумақтардан көшуін азайту мақсатында бірінші кезекте жаңа өндірістерді іске қосу арқылы тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. Аталған жобалар өнеркәсіп қорында көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылмақ», – деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, спикер ауыл тұрғындарын баспанамен қамту мәселесін қозғады.

«Ауыл тұрғындарына жалға берілетін тұрғын үй салушылардың шығындарын субсидиялау тетігі іске қосылды. Осы тетік арқылы ауыл азаматтарына 2 855 тұрғын үй салу жоспарланған (14,3 млрд теңге). Бұдан басқа, ауылда жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында жыл сайын 22 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациямен қамтамасыз етіледі», — дейді ол.

Оның айтуынша, ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды әзірлеу үшін мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылады.

«Халықтың сапалы тыныс-тіршілік деңгейін арттыру және инфрақұрылымдық дамудың негізгі проблемаларын шешу міндеті тұр. Жоспар бойынша базалық инфрақұрылым жобалары, оның ішінде автомобиль және темір жолмен, авиажелілермен, сумен, жылумен, газбен және электрмен жабдықтау, сондай-ақ байланыс, телекоммуникациямен (телефон, интернет) және басқа инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көзделеді», — дейді министрдің міндетін атқарушы.

Тегтер: құрылыссубсидияүй

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz