Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ayul Sport: ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік

Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бұқаралық спортты дамыту бағытында жаңа қадам жасалды. Halyk қайырымдылық қоры мен "Қазақстанның каратэ федерациясының одағы" ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2025
Жаңалықтар

Бұл келісім ауылдық аймақтардағы спорт инфрақұрылымын жақсартуға, ауыл балалары мен жасөспірімдерін спортқа баулуға, бұқаралық спортты дамытуға, сондай-ақ ауылдық жаттықтырушылардың білігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар бұл бастама жас спортшыларды қолдауға, олардың әлеуетін дамытуға және спорттық бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде еліміздің көптеген ауылдық аймақтарында спорт инфрақұрылымының жеткіліксіздігі, жаттықтырушылар мен төрешілердің тапшылығы байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, Ayul Sport жобасы – ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ететін маңызды бастама.

«Қазақстанның каратэ федерациясының одағы» – еліміздегі жетекші спорттық ұйымдардың бірі. Оның ауыл спортының дамуына атсалысуы каратэ спортын өңірлерде кеңінен таратуға, жас спортшыларға тәжірибелі жаттықтырушылардан тәлім алуға, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бұл меморандум еліміздегі бұқаралық спортты дамыту мен қайырымдылық мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Құжатқа қол қойған тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты тереңдетіп, ауылдық спорттың қолжетімділігін арттыру үшін бірлесе жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Еске салайық, Auyl Sport жобасы 2024 жылы облыстық деңгейдегі турнирлерден бастау алды. Оған 200 ауылдан 12 мыңнан астам бала мен жасөспірім қатысып, спортқа деген қызығушылығын танытты. Каратэ – жоба аясында қамтылған алты спорт түрінің бірі. Жобаның республикалық турнирінің финалы еліміздің 17 облысынан 1300-ден астам жас спортшыны бір алаңда тоғыстырып, ауыл спортын жаңа деңгейге көтерді.

Тегтер: ауылспорт

Соңғы жаңалықтар

Глава государства объявил о предстоящей административной амнистии

Николай Иващенко
17.03.2026

Касым-Жомарт Токаев обратился к собравшимся

Николай Иващенко
17.03.2026

Касым-Жомарт Токаев подписал новую Конституцию Республики Казахстан

Николай Иващенко
17.03.2026

В нацпарке «Чарын» в Алматинской области показали необычного зверя

Николай Иващенко
17.03.2026

Дополнительные авиарейсы и железнодорожные составы запустят в Казахстане в праздники

Николай Иващенко
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz