-12 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Азық-түлік бағасы бір жылда 24 пайызға қымбаттады

Биыл қараша айының қорытындысы бойынша азық-түлік тауарлары бір айда 1,8 пайызға, бір жылда 24,1 пайызға қымбаттады.

Ғалия Мұхамбетқызы
09.12.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Energyprom.kz порталының мәліметінше, ай сайынғы динамика бойынша азық-түлік тауарлары бағасының ең көп айлық өсімі Ұлытау облысында байқалды – 2,4 пайыз. Одан кейін елорда мен Жамбыл облысында да айтарлықтай өсті. Яғни, әр өңірде 2,2 пайызға қымбаттады.

Жылдық динамика бойынша сектордағы бағаның ең көп өсуі Маңғыстау облысында тіркелді – бірден 31,4 пайыз. Ақтөбе облысы мен Шымкент екінші және үшінші орында – әр өңірде 25,8 пайыз. Ең аз жылдық өсім Шығыс Қазақстан облысында тіркелді – 22,6 пайыз.

Жемістер мен көкөністер бір жылда 17,4 пайыз қымбаттады. Оның ішінде жаңа піскен жемістердің құны бір жылда 18,9, көкөністер 11 пайызға өсті.

Жемістер ішінде банан бірден 45,8 пайызға қымбаттап, келісі 867 теңгеге, апельсин 26,2 пайызға қымбаттап, 959 теңгеге, алма 11,3 пайызға қымбаттап, 528 теңгеге, лимон 8,6 пайызға қымбаттап, 1,2 мың теңгеге, кептірілген өрік 65,4 пайызға қымбаттап, 3,8 мың теңгеге жетті.

Көкөністердің ішінде қияр жылына бірден 30,8 пайызға қымбаттап келісі 691 теңгеге, пияз 26,5 пайызға қымбаттап, 116 теңгеге, қызанақ 14,4 пайызға қымбаттап, 678 теңгеге, картоп 9,9 пайызға қымбаттап, 155 теңгеге жетіп отыр. Ақ қырыққабат (16,5 пайыз), сәбіз (4,6%) және қызылша (1,3%) арзандады.

Ет, оның ішінде ет өнімдері бір жылда 16,1 пайызға қымбаттады. Сауда орындарында сүйегі бар сиыр етінің келісі орташа есеппен – 2,4 мың теңге, қой еті — 2,7 мың теңге, шошқа еті — 2,1 мың теңге, жылқы еті — 3 мың теңгеден сатылды. Тауық етінің келісі — 1,4 мың теңге, тауық еті — 1,2 мың теңге, қайнатылған шұжық — 2,6 мың теңге, жартылай ысталған шұжық — 3,1 мың теңге.

Бірінші санаттағы жұмыртқаның он данасы орташа есеппен 468 теңге тұрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 20 пайыз қымбат.

Бір жылда нан бағасы – 19,3, жарма – 36,8, макарон өнімдері – 42,2, ұн 43,7 пайыз өсті.

Жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының келісі – 349 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн – 197 теңгеден, қара бидай нанының келісі 421 теңгеден сатылды. Жоғары сұрыпты бидай ұны келісіне – 373 теңге, бірінші сұрып — 243 теңге, рожки — 552 теңге, вермишель — 561 теңге, кеспе 1,1 мың теңгеден саудаланды.

Тегтер: Қазақстанқымбатшылық

Ұсынымдар

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
Фото: Аслан Қажеке

Шенеуніктердің тиімсіз жоспарлауы салдарынан бірқатар жобалар уақытылы іске аспай, ал қаржы игерілмей жатыр – Cұлтанғазиев

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz