Басты жаңалық: банктер мемлекеттің алдындағы берешегінен құтыла бастаған.
Агенттік дерегі бойынша, екінші деңгейлі банктер өкіметтен алған 400 млрд теңге көлеміндегі қаражатты кері қайтарыпты.
Сонымен қатар:
Бизнеске берілген кредиттер 16,3%-ға өскен (13,1 трлн теңге), ал жаңа займдар көлемі 18,2 трлн теңгені құраған;
614 мың азаматтың проблемалық қарызы қайта құрылымдалып немесе толық/жартылай кешірілген (жалпы 210 млрд теңге).
Бұған дейін Тоқаев бірқатар банктен мемлекеттен алған қаржылай көмекті тездетіп қайтаруды талап еткен.
Айтуынша, 2017-2020 жылдары Jusan банк, Еуразиялық банк, Халық банк,
Нұр банк және БЦК
сынды қаржы ұйымдарына Ұлттық қордан 15 жылға қомақты сома берілген. Мәселен бір ғана БЦК банк Үкіметтен 60 млрд теңге қарыз алған.