«Бүгінде тергеу толық аяқталып, тараптар іс материалдарымен танысу үстінде. Заңға сәйкес, бұл процесс белгілі бір мерзіммен шектелмейді. Айта кететін жайт, қылмыстық іс аясында 39 сараптама тағайындалып, жәбірленушілер мен күдіктілерден 117 рет жауап алынған. Сондай-ақ 90 диск зерттеліп, 36 рет беттестіру жүргізілді. Бұл – ауқымды жұмыс, сондықтан барлық материалдарды мұқият талдауға уақыт қажет», – деп мәлімдеді ол.