«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Астана-Қарағанды-Алматы автожолының 1353-1426 шақырым аралығындағы учаскесінде көрініс жоқ, қозғалысқа шектеу қойылған. Қазіргі уақытта жол қызметі тазалау жұмыстарын атқарып жатыр.
«2025 жылғы 7 ақпан сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырымы аралығындағы (Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Сонымен қатар, Астана-Теміртау автожолының 1353-1426 шақырым аралығындағы учаскесінде көрініс жоқ, қозғалысқа шектеу қойылған. Жол қызметі тазалау жұмыстарын атқарып жатыр», — делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.