Операторлар мұны инфрақұрылымды дамыту, жабдықтардың қымбаттауы, электр энергиясы тарифтері мен валюта бағамының өсуімен түсіндірді. Beeline, Kcell және Tele2/Altel желілерді жаңарту үшін миллиардтаған теңге инвестиция салғанын мәлімдеді.
Цифрлық даму министрлігі тарифтерге тікелей әсер ете алмайтынын, бірақ операторлармен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. 2024 жылдың соңында бағаны көтермеу туралы келісім болғанымен, 2025 жылы тарифтер артты.
Бәсекелестікті қорғау агенттігі операторларға қатысты тексеруді тоқтатты, себебі олар сот арқылы тергеуге қарсы шыққан.