Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Болат Назарбаев иемденіп алған жерлер мемлекетке қайтарылды

"AMANAT" партиясы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Сайыров Болат Назарбаев заңсыз алған деп танылған жерлерді қайтаруға қатысты істің мән-жайын айтты.

02.02.2023
Жаңалықтар

Партияның сайты Ерлан Сайыровқа сілтеме жасап, қазір Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысындағы 239 мың гектар, Жамбыл облысындағы 60 мың гектар жердің мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады.

Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп, аумағы 244 гектар болатын 59 жер учаскесі анықталған еді. Олардың да меншік иесі Болат Назарбаев болып шыққан.

«Бізге Алматы облысындағы бір топ адамнан заңсыз әрекеттер туралы арыз түсті. Бас прокуратураға Алматы, Талғар, Астана, Қаскелең және Түркістан облысындағы 244 гектар жер бойынша сауал жолдадық. Қазір Бас прокуратура өкілдері бұл жерлердің көпшілігі заңсыз берілгенін анықтады. Бас прокуратура бұл жерлерді мемлекетке қайтару үшін іс-қимыл жүргізіп жатыр», — деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ Ерлан Сайыров ол жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы дабыл түскеніне 6 ай өткенін айтты.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында атқарушы органдарға игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жерлерге қатысты шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

«Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жерлердің көлемі – шамамен 10 миллион гектар. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың аяғына дейін бұл жерлерге қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек», — деді Президент.

Тегтер: Болит Назарбаевжерзаңсыз

Соңғы жаңалықтар

Фото: kopsozkz

Конституция күні жыл сайын 15 наурызда атап өтіледі

Мөлдір Иманмади
16.03.2026

Райымбек, Кеген және Балқаш аудандарында референдумға қатысу 90 пайыздан асты

Қорлан Нұрланқызы
16.03.2026

Exit poll: қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген

Қорлан Нұрланқызы
16.03.2026

Алматы облысында референдум қалай өтті?

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында ерекше жағдай: учаске жабылған сәтте келген тұрғын дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz