Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.
Қостанай облысында бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысында жаяу бұрқасын.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні — 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде орталығында екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Күндіз бұрқасын. Облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні — 15-20 м/с.
Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні — 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні — 15-20 м/с.
Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.