Саясат Нұрбек биыл мектеп түлектері Ғылым және жоғары білім министрлігінің үстінен 22 арыз түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
«Қазір Астана әкімшілік сотында бір ғана іс қалды, 19 қыркүйек күні бірінші отырысы өтеді. Бірақ сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің грантын да, мемлекеттік грантты да алған. Сондықтан соттың шешімін күтеміз», — деді ол.
Министрдің сөзінше, қазіргі таңда сотқа берген түлектердің бәрі грант иеленген.