Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің көп бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің күшеюі мен бұршақ түсуі ықтимал.
Қатты жауын-шашын:
-
27 сәуірде — Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында;
-
28 сәуірде — Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында болады деп болжануда.
Тұман мен аяз:
-
Елдің батысы, шығысы және оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін.
-
26 сәуірге қараған түні — Абай облысында,
-
26-27 сәуірде — Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус аяз күтіледі.
Температуралық өзгерістер:
-
Батыс өңірлерде: түнгі температура 10-15 градустан 2-10-ға дейін, күндізгі температура 20-27-ден 6-14-ке дейін төмендейді.
-
Оңтүстік-батыста: түнде 12-20-дан 7-15-ке дейін, күндіз 20-30-дан 10-18-ге дейін төмендейді.
-
Солтүстік-батыста: түнде 10-17-ден 7-12-ге дейін, күндіз 20-28-ден 12-22-ге дейін төмендейді.
-
Солтүстікте: түнгі температура 5-10-нан 10-17-ге дейін, күндіз 21-28-ден 18-23-ке дейін төмендейді.
-
Орталықта: түнгі температура 5-15-тен 12-17-ге дейін жоғарылап, күндіз 23-30 градус шамасында болады.
-
Шығыста: түнде 1-8 градус жылы, солтүстік-шығысында 1-3 градус аяз, кейін 10-15 градусқа дейін жылып, күндіз 20-27-ден 23-31-ге дейін көтеріледі.
-
Оңтүстікте: түнде 15-20-дан 17-23-ке дейін, күндіз 28-33-тен 32-37 градусқа дейін ыстық күтіледі.
-
Оңтүстік-шығыста: түнде 5-17-ден 10-20-ға дейін, күндіз 22-30-дан 27-35 градусқа дейін көтеріледі.