Заң жобасының мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру.
«Бұл заң жобасы артық заңнамалық реттеуді жоюға және саланы жетілдіруге бағытталған. Құжат «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтиды,» – делінген хабарламада.
Жоба денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның кейбір құзыреттерін оңтайландыру мақсатында заңнамалық реттеуден шығарып, оларды заңға тәуелді актілер арқылы реттеуді көздейді.
Сонымен қатар, 18 желтоқсанда Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дүйсенбай Тұрғанов Денсаулық сақтау министрлігін сынға алып, департаментке қалдықтарды өңдеу саласындағы санитарлық ережелер мен нормалар бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Бұл заң жобасы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға және артық реттеуді жоюға бағытталған маңызды қадам болып табылады.