«Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев 2022 жылдың қаңтарында жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша қамауға алынып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, Арман Жұмагелдиевке түрлі іс-шараларға қатысуға, ұйымдастыруға, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беруге және әлеуметтік желілерге жазба жариялауға тыйым салынады.
Айта кетейік, «Дикий Арманмен» бірге сотталушы орындығында тағы 43 адам бар. Олар Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген, ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов және т.б.