«Қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушыларға олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындары жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондарына өмір бойы берілетін ай сайынғы қамсыздандыру мөлшері өсті.
Аталған төлем осыған дейін 24 айлық есептік көрсеткіш (76 380 теңге) болған. Биыл министрліктің Үкіметке жасаған ұсынысы қолдау тауып, ай сайынғы қамсыздандыру көлемі 100 АЕК-ке дейін (318 000 теңге) артты», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ресми ақпаратта айтылғандай аталған төлемді алу үшін спортшылар мен бапкерлердің сала бойынша 20 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.
«Бұл өзгерістер тек спортшыларды ғана емес олардың бапкерлеріне де қатысты. Яғни олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондарын тәрбиелеген бапкерлері де өмір бойы алатын ай сайынғы қамсыздандыруға құжаттар тапсыра алады», – дейді комитеттен.