Әртүрлі авиакомпаниялар мен әуежайларда көрсетілетін қызметтердің сапасын зерттеуге мамандандырылған Skytrax – британдық жеке консалтингтік компаниясы осындай тұжырымдама жасаған.
2021-2022 жылдардағы Skytrax сауалнамасында 350-ден астам авиакомпаниялардың аты аталған.
Сауалнамаға қатысушылар-жолаушылар мен авиаэксперттер авиакомпания сайтын, рейске тіркелу мен отырғызуды, ұшақ салонының тазалығын, борттағы ойын-сауықты, бортсеріктердің сыртқы түрін және қызмет көрсетуді, тамақтану сапасын, креслолардың жайлылығын және басқаларды бағалаған.
QAZAQ AIR авиакомпаниясы «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік авиакомпаниялары 2022» номинациясы бойынша үздік үштікке кірді, сондай-ақ Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік авиакомпаниялары арасында 2022 рейтингінде алтыншы орынға ие болды.