18 °c
Qonaev
Жексенбі, Мамыр 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Енді шетелге жүк тасымалдайтын отандық жүргізушілерге рұқсат электрондық түрде беріледі

Қазақстандық жүк тасымалдаушыларға шет мемлекеттердің аумағы арқылы өту үшін берілетін рұқсат электронды форматта ұсынылады.

Ғалия Мұхамбетқызы
28.03.2023
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«2023 жылғы 1 сәуірден 2024 жылғы 15 наурызға дейін «ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша пилоттық жоба іске асырылсын», – делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған бұйырық жобасында.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде бұл қызметтің ақылы екені жазылған.

«Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша республикалық бюджетке төленеді және алым төленген күнге қолданыстағы 1 АЕК-ті (3 450 теңге) құрайды. Алым сомасын төлеу портал арқылы жүзеге асырылады», – деп түсіндірме берілген бұйырыққа.

Қытайға бару үшін берілетін «С» нұсқасындағы электрондық рұқсаттар мына кедендік пункттерде іске асырылады:

1) Достық-авто (Жетісу облысы);

2) Нұр Жолы (Жетісу облысы);

3) Көлжат (Алматы облысы);

4) Бақты (Абай облысы);

5) Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы).

Тегтер: жүк тасымалышетел

Ұсынымдар

Алматы облысында кәмелетке толмағандардың мәселесі талқыланды

27.05.2023

Іле ауданында мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған

27.05.2023

Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етеді

26.05.2023

Қазақша мәтінді дыбыстайтын Telegram-бот іске қосылды

26.05.2023

Илон Маск адам миына чип салуға рұқсат алды

26.05.2023

Қонаевта демалыс күндері бірнеше көше жабылады

26.05.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz