-2 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Еңбек министрі Қазақстанға келген ресейліктер қайда жұмысқа орналасып жатқанын айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ресейден келген еңбек мигранттары қайда жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Назым Текеспаева
11.10.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 22,5 мың ресейлік азамат жұмыс істеп, зейнетақы жарналарын төлейді. Оның 8 мыңы жыл басынан бері жұмысқа орналастырылған.

«Адамдар жұмысқа орналасу мақсатында келеді, жұмыс істейміз дейді. Бірақ біз әрдайым жалақының 10% шегерімі бар ма, соған қарай есептейміз. Егер ол болса, онда нақты жұмыс орындары бар деген сөз», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Ресейліктердің көбі, яғни 72% қызмет көрсету саласында, 16% өнеркәсіпте, 9%-ға жуығы құрылыста, 2% ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

«Қазақстандағы ресейліктердің атқаратын қызметтері – есепші, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, сатушы, тасымалдаумен айналысатын тұлғалар және жүргізушілер», – деді Тамара Дүйсенова.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық біліктілік сынағынан өткені туралы сертификаты болмағандықтан Ресейден келген мұғалімдер қазақстандық мектептерде сабақ бере алмайтынын айтқан еді. Бірақ Ресейден келген дәрігерлер жұмыс таба алады. Ол үшін университетті бітіргені туралы диплом мен Қазақстандағы аттестаттау сертификаты болса, жеткілікті.

Тегтер: жұмысҚазақстанРесейТамара Дүйсенова

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz