2024 жылдың жазында Қаржы министрлігі сомасы 1 млрд теңгеден асқан 162 блогердің табысындағы сәйкессіздіктер туралы хабарлады. Қазір салық органдары қарыздарды төлеу және инфлюенсерлердің кіріс көздерін тексеру талаптары бар хабарламалар жолданып, нақты шаралар қолдануды бастады.
Тізімде бірінші болып Бейбіт Әлібеков түр. Оның берешегі — 2,1 млрд теңге. Оның Instagram парақшасына 1,6 миллион тіркелуші бар.
Одан кейін «Мадлен» деген лақап атпен танымал Мадинахон Мамадалиева тұр. Ол мемлекетке 517,8 млн теңгені қарыз екені жазылған. Мадленнің Instagram аккаунтында шамамен 2 миллион тіркелуші бар.
«Борышкерлер» рейтингінде үшінші орынды Say Mo лақап атымен өнер көрсететін әртіс Мөлдір Есембек иеленді. Оның парақшасында 840 мыңнан астам жазылушы бар, ал тізімде көрсетілген салық сомасы 384,3 млн теңгені құрады.
Төртінші орынға «С Новым годом, девчонки!», «Дневник безумной женщины», «16 қыз», «Сердце матери» фильмдерінде және «Вузеры», «Парыз»телехикаяларында ойнаған актриса — Жания Джуринская жайғасты. Оған 349,1 млн теңге салық төлеу міндеттелді.
Бестікті белгілі қазақстандық әнші Айқын Төлепберген аяқтайды. Оның парақшасында 2,9 миллион жазылушы бар, ал салық берешегінің сомасы шамамен 287 миллион теңгені құрайды.
Белгілі әнші Болат Садраддин 208,4 млн теңге сомасымен 13-орында, Ерке Есмахан — 16 орында (198,6 млн теңге) тұр.