Статистикада бұқаралық сипаттағы және өзге де спорт түрлерін қамтитын үйірмелер мен секцияларға қатысушылар саны көрсетілген.
Министрлік мәліметіне сәйкес, елімізде ең көп қатысушысы бар спорт түрі – футбол. Бұл ойынмен қазіргі таңда 1 113 299 адам айналысады. Айта кетерлігі, олардың жартысынан көбі ауылдық жерде тұрады. Бұл футболдың Қазақстан бойынша кең таралған әрі қолжетімді спорт түрі екенін көрсетеді.
Футболдан кейінгі орындарға мына спорт түрлері жайғасқан:
-
Классикалық волейбол – 767 580 адам (оның ішінде ауылдық жерде – 421 035)
-
Баскетбол – 541 819 (ауылдық жерде – 238 853)
-
Футзал – 368 349 (ауылдық жерде – 130 744)
-
Жеңіл атлетика – 347 654 (ауылдық жерде – 174 261)
-
Шахмат – 278 101 (ауылдық жерде – 128 243)
-
Үстел теннисі – 262 835 (ауылдық жерде – 127 416)
-
Дойбы – 213 490 (ауылдық жерде – 115 198)
-
Тоғызқұмалақ – 202 217 (ауылдық жерде – 119 302)
-
Қазақ күресі – 160 399 (ауылдық жерде – 87 030)
Аталған статистика спорттың ел ішінде кең таралу деңгейін ғана емес, сондай-ақ ауылдық жерлердегі бұқаралық спорттың дамуына да айқын мысал бола алады.