«Магистралды газ құбырларына газ келмеу себебінен ішкі газ құбырлары толығымен қосылған Бақанас, Ақдала ауылдарының халқы әлі де қатты отын пайдаланып отыр. Құрметті Марат Елеусізұлы Сізден аудандағы магистралды газ құбырларына газ жіберілуіне және ауыл ішілік газ жүйелерін пайдалануға берілуіне ықпал етуіңізді сұраймыз», — деді Ғалым Тоқпейісов.
Оның берген мәліметіне сүйенсек, Балқаш ауданына қарасты Бақанас ауылында газ тарту желілерін жүргізу үшін 1 086,8 млн.теңге инвестиция тартылып, құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Бүгінгі таңда 726 тұрғын үйге газ құбыры кіргізілді. Ақдала ауылына 756,6 млн.теңге жұмсалған. Тұрғын үйлерге газ өлшеу счетчиктері толығымен орнатылып, 312 тұрғын үйге газ құбыры тартылған.
Сонымен қатар, Миялы, Бақбақты, Бірлік, Бояулы ауылдарында газ тарту желілерін жүргізу жұмыстары аяқталуға жақын. Ал, Береке, Бура, Үшжарма, Ақкөл және Ақжар ауылдарына газ тарту үшін жобалық-сметалық құжат бюджет есебінен жасалып жатыр.