Бұл қуанышты жаңалықты спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, арнайы фотосурет те жариялаған.
Жаңа ғылыми дәрежеге ие болған Головкин бұл жетістікпен шектелмейтінін айтып, спортты дамыту жолындағы миссиясын жалғастыруға ниетті екенін жеткізді. «Мен өз миссиямды табандылықпен жалғастырып, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға бар күшімді саламын», – деп жазды ол.
Бұл жаңалық отандық спорт үшін үлкен мәртебе, ал жас буынға – тамаша үлгі.