2023 жылы трамадол психотроп заттар мен есірткінің тізіміне енгізілді. Бұрын ел бойынша шамамен сегіз мың дәріханада еркін сатыла алған заты, қазір тек лицензиясы бар дәріханаларда және дәрігер рецептімен сатылады.
Медицинада қолданылатын есірткі мен психотроп заттарды рецептісіз сату бойынша деректерге қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері трамадолды заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынған, олардың иелігінен 2500-ден астам таблетка тәркіленген. Осыған байланысты дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына заңнама талаптарын қатаң сақтауды еске салды, деп хабарлады ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы орынбасары Айбек Брыков.
Сонымен қатар, осындай құқық бұзушылыққа 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жаза қарастырылған.