17 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Қазан 4, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Іле-Алатау ұлттық паркінде визит-орталық ашылды

Ол Түрген шатқалының тамаша жерлеріне саяхаттаудың бастапқы нүктесі болады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

Мади САЙДИЛЬДИН
10.07.2022
Аймақ, Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Turgensai визит-орталығының салтанатты ашылуына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысқан. Сонымен қатар, іс-шарада мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, «QazaqGeography» РҚБ басқарма төрағасы Орман Нұрбаев және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бой көрсеткен.

Turgensai — Іле-Алатау ұлттық паркі картасындағы екінші визит-орталық. Аталған орталық заманауи талаптарға сәйкес салынған.

«Елімізде экотуризмді дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.  Алматы өңірінде бірнеше ұлттық парктер бар. Сондықтан бұл жер экотуризмді дамытудың негізгі бағытының бірі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Алматы аумағындағы 3 ұлттық парктің жалпы келушілер саны 2019-2020 жылғы көрсеткіштен асып түсті. Биылғы жылдың 6 айының қорытындысы жақсы. Келушілердің көбеюі халық арасында экологиялық туризм мәдениетінің аса қарқынмен дамып келе жатқанының көрінісі», – деді Ералы Тоғжанов.

Turgensai визит-орталығы Алматыдан 80 км жердегі Түрген шатқалында орналасқан. Орталықтан аю сарқырамасына дейін жаяу жүргінші жолы бар. Ұзындығы 1,3 км болатын бұл жол  барлық демалушылар үшін қолжетімді туристік бағыт.  Сондай-ақ визит-орталықтың аймағында туристер «Қайрақты» сарқырамасының, Шынтүрген мүк шырша орманының,  Сиверс алма ағашының табиғи резерватының, басқа да табиғи объектілердің әдемілігін тамашалай алады. Сондай-ақ Түрген шатқалы сақ қорғандарымен де танымал. Естеріңізде болса, олардың бірінен Алтын адам табылған болатын.

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Визит-орталықтар демалысты жақсы өткізуге мүмкіндік береді. Мұндай орталықтар біріншіден, қарапайым демалушылар үшін паркті аралағанда қауіпсіз маршрутты таңдауға, нұсқаулық алуға, табиғатпен үндесіп, тыныштықта демалуға, күш алуға көмектеседі. Екіншіден, ұлттық парктер үшін туристердің ағынын бақылап, паркті уақытында тазартып отыруға, инфрақұрылымды жақсартып отыруға сеп болады», – деп  «QazaqGeography» РҚБ басқарма төрағасы Орман Нұрбаев өз пікірін ортаға салды.

Turgensai кешенінде ақпараттық стенд, дәріс залы, мүсіндер дүкені, тамақтану орны, ойын алаңы мен террассалар, қоғамдық дәретхана бар. Әр адам қолайлы жерде тынығуы керек. Сол себептен мүмкіндігі шектеулі адамдар мен кішкентай балалардың ата-аналары үшін визит-орталық арнайы пандустармен жабдықталған.

Алдағы уақытта Алтынемел ұлттық паркі мен Шарын шатқалында осындай визит-орталықтары ашылады. Сондай – ақ, бұл жерлерде туристер үшін жазғы лагерьлер құрылып, қай маусымда болсын демалуға ыңғайлы үйлер салынады.

Тегтер: ұлттық парк

Ұсынымдар

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

04.10.2023

Асы жайлауына туристердің баруына шектеу қойылды

04.10.2023

Балқаш ауданындағы Қарағаш мектебі күрделі жөндеуден өтеді

04.10.2023

Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды

04.10.2023

Алматы облысының спорт мектебіне жаңа басшы тағайындалды

04.10.2023

Іле-Алатауы ұлттық паркінің инспекторы аяусыз соққыға жығылған

04.10.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz