-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Каспийден 5 тоннаға жуық қоқыс жиналды

Бұл туралы Alataunews.kz Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айжан Умбеткали
30.09.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Экологтар Каспий су аймағын 5 тонна қоқыс пен балық аулайтын тордан тазалады.

Гидробиология және экология институты Түпқараған түбегінің солтүстік жағалауындағы және Маңғыстау шығанағының іргелес су айдынындағы балық аулау торлары мен қоқыстарды жинады.

Басты мақсат – Каспий итбалықтарының Итбалықтар аралы мен теңіз айдыны жағалауына қауіпсіз қоныс аударуын қамтамасыз ету және су алабын зерттеп, таза ұстау. Тексеру және тазарту жұмыстарын Маңғыстау облысының балық инспекциясы басқармасымен және «Эко Маңғыстау «ҮЕҰ-мен бірлесіп жүргізілді.

«Eco Waste Aqtau» ЖШС тасталған балық аулау торлары мен теңіз қоқыстарының көлемін бағалауды және кәдеге жаратуға беруді жүзеге асырды.

Жобаны іске асыруға Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қолдау көрсетеді.

Еске салайық, былтыр Каспий теңізінің қазақстандық секторында экспедиция мүшелері Маңғыстау шығанағының айдыны мен іргелес аралдардан теңізге тасталған салмағы үш тоннадан асатын жұқа даражіптен жасалған ау жинаған болатын.

Сондай-ақ, бекіре тұқымдас балықты аулайтын тыйым салынған құралдың үш тоннасы алынды. Ол кезде балықтар мен итбалықтар су түбіндегі торға түсіп өліп қалған еді.

Ұсынымдар

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

01.02.2023

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

01.02.2023
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қонаевта есірткі синдикатының ұйымдастырушылары ұсталды

01.02.2023

Қаңтарда қияр мен пияз айтарлықтай қымбаттады

01.02.2023

Алматыда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

01.02.2023

Жас мемлекеттік қызметшілерге қандай қолдау көрсетіледі? – мамандар түсіндірді

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz