Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй ашық түрде үлестіріледі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

06.07.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Үкімет басшысының айтуынша, биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берілуі мүмкін. Демек, 138 мың адам баспаналы болады. Биыл 5 айда 4,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін әзірледік. Ол, бірінші кезекте, азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталып отыр. Енді баспана кезегінде тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу «бір терезе» қағидаты бойынша бір орталықтан, ашық түрде жүргізілетін болады. Оның негізгі операторы – Отбасы банкі», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмдері туралы баяндады. Онда арендалық төлемді субсидиялау мен ауылдық жерлерде тұрғын үй салу секілді қолдау шаралары бар. Биыл жаңа механизмдер есебінен 70 мың азаматқа үйді жалға алу үшін субсидия беру және ауылдық жерлерде 2,8 мыңға жуық адамды жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Айта кету керек, жалпы Алматы облысында 64 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр. Оның 16 мыңы талдықорғандықтар.

Тегтер: ҚР Премьер-Министрітұрғын үй кезегіүкімет

Соңғы жаңалықтар

В нацпарке «Чарын» в Алматинской области показали необычного зверя

Николай Иващенко
17.03.2026

Дополнительные авиарейсы и железнодорожные составы запустят в Казахстане в праздники

Николай Иващенко
17.03.2026

Сколько дней казахстанцы отдохнут на Наурыз

Николай Иващенко
17.03.2026

Гол Сатпаева принес «Кайрату» победу над «Актобе»

Николай Иващенко
17.03.2026

ЦКР объявила окончательные итоги референдума: 87,15% поддержали новую Конституцию

Николай Иващенко
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz