17 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Кітапты көп оқитын балаларға қозы мен телефон сыйға берілді

Түркістан облысының Ордабасы ауданында шенеуніктер балаларды көп кітап оқуға ынталандырудың ерекше тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Айжан Умбеткали
24.07.2022
Аймақ, Жаңалық
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

10 жастағы Әлихан Шекербек кітап оқып, қозы иеленді. Оның сөзінше, төртінші сыныптан бастап әдебиетке деген ықыласы ашылған. Сондықтан жарты сағатта кітап оқып, мазмұнын айту Әлиханға қиынға соқпаған. Қазір алтыншы сынып оқушысы сыйлыққа алған қозысын өзі бағып жүр.

«Кітап оқығаным үшін қой береміз дегенде сенбедім. Бірақ кейін шынымен қозы сыйлады. Қазір оны өзім асыраймын, уақыты келгенде оның етінен қуырдақ жасап жейміз», – дейді Әлихан Шекербек.

Балалардың білімге деген құштарлығын осындай ерекше тәсілмен ояту туралы идеяны Ордабасы ауданындағы ауылдық округ әкімі ұсынған. Бұл бастаманы ауыл тұрғындары қабыл алып, тіпті кейбіреулері ынталандыру қорына бір қозыдан тарту еткен.

«Кітапханада басқаларға қарағанда кітап көп оқитын үш оқушыны таңдап алдық. Олардың арасында қозылар ұтысқа тігілді. Балалар кітаптар оқып, түсініктерін айтты, ал оларға сыйлық ретінде қозы бердік. Тіпті, бұған сенбеген жеңімпаздардың бірінің әкесі телефон соғып, қозы не үшін берілгенін сұрап жатты. Біз “өйткені балаңыз соған лайық болды” деп жауап бердік», – дейді Боржар ауылдық округінің әкімі Серғали Құрымбеков.

Сыйлық ретінде қозы алу да оңайға соққан жоқ, дейді байқауды ұйымдастырушылар. Оқушы кітапты оқып, оны түсінікті етіп мазмұнын айтып беру қажет болған. Сөздеріне сенсек, ерекше науқан басталғалы және алғашқы жеңімпаздар анықталғалы бері ауылда кітап оқитын балалардың саны айтарлықтай артқан.

«Жыл басынан және осы байқау ұйымдастырылғаннан бері ауылдық кітапханамыздағы оқырмандар саны күрт өсті. Бізге тіркелген 500 оқырманның бүгінде 300-і балалар. Биыл балаларға арналған 1500 кітап сатып алдық», – дейді аудандық кітапхана қызметкері Әлия Қайтбекова.

Алдағы уақытта кітапқұмар тағы бес оқырманға телефон сыйға берілмек.

Тегтер: Ордабасытүркістан

Ұсынымдар

Алматы облысында көлік қаққан қыздардың бірі Алматыға жеткізілді

26.09.2023

Ажар Ғиният қарияларға коронавирусқа қарсы егілуге кеңес берді

26.09.2023

Елімізде сібір жарасын 32 адам жұқтырған – Денсаулық сақтау министрі

26.09.2023

Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы қола жүлдегер атанды

26.09.2023

Азиада – 2023: Қазақстанның ерлер командасы нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алды

26.09.2023

Рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккені үшін салынатын айыппұл өседі

26.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz