Атап айтқанда:
🔹 Көпбалалы отбасыларға – 609,5 мың отбасыға 131,5 млрд теңге;
🔹 Наградталған аналарға – 241,9 мың адамға 19,4 млрд теңге көлемінде төлем жүргізілді.
Тек 2025 жылғы наурыз айының өзінде:
– 857 мың отбасыға жалпы сомасы 51,1 млрд теңге төленді,
– Соның ішінде 614,8 мың көпбалалы отбасы – 44,6 млрд теңге,
– 242,2 мың наградталған ана – 6,5 млрд теңге көлемінде қолдауға ие болды.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы шарттары:
Бұл төлемге 4 және одан да көп бірге тұратын баласы бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Балалар кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент болуы тиіс.
2025 жылы төлем мөлшері келесідей:
-
4 бала – 63 030 теңге
-
5 бала – 78 798 теңге
-
6 бала – 94 565 теңге
-
7 бала – 110 332 теңге
-
8 және одан да көп бала үшін – әр балаға 15 728 теңге
Наградталған аналарға арналған жәрдемақы:
Мемлекеттік марапат иелеріне – «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» атағы немесе «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға төленеді.
2025 жылы ай сайынғы төлем мөлшері:
-
«Күміс алқа» иелеріне – 25 165 теңге
-
«Алтын алқа», «Батыр ана», «Ана даңқы» ордендерінің иелеріне – 29 097 теңге
Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға артты.
Бұл – әлеуметтік әл-ауқатты арттыруға және аналарды қолдауға бағытталған нақты мемлекеттік шаралардың бір көрінісі.
Фото: ашық дереккөзден