Бұл туралы BBC хабарлады.
Кейінгі күндері «М23» тобының көтерілісшілері мен Конго үкіметтік әскерилері арасында ерекше қатал шайқастар басталды. Конго ғана емес, басқа да көптеген елдер мен тәуелсіз сарапшылар «М23» қозғалысын көршілес Руанда қолдайды деп айыптауда, алайда Руанда бұл айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарады.
2014 жылы жергілікті Эбола індеті кезінде осы вирусты терең зерттеу үшін салынған Гома қаласындағы биозертхана электр қуатынсыз қалды.
Қызыл Крест халықаралық комитетінің өкілдері Эбола, mpox (ескірген атауы: «маймыл шешегі») және басқа да өлімге әкелетін патогендердің үлгілері сақталатын мұздатқыш камералардың істен шығуы олардың сыртқа таралу қаупін тудыратынын ескертті.
Биозертханалар қауіпті вирустардың үлгілерін -80, кейде -150 градусқа дейін мұздатып сақтайды.
Бұл тек штаммдардың сақталуын қамтамасыз ету үшін ғана емес, сонымен қатар оларды қауіпсіз тасымалдау үшін де қажет. Үлгі еріген кезде патогеннің судың құрамында сыртқы ортаға таралу және су жүйесіне түсу қаупі еселеп артады.