Синоптиктердің мәліметінше, батыс, солтүстік және оңтүстік таулы аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады. Тіпті түнде таулы өңірлерде жаңбырмен қатар қар аралас болуы ықтимал.
11 сәуірде елдің батысы мен солтүстік-батысында, ал 12 сәуірде түнде Қостанай облысында қатты жаңбыр күтіледі. Шығыс өңірлерде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыс аймақтарда желдің екпіні күшейіп, республиканың басым бөлігінде тұман түседі.
Түнгі ауа температурасы өңірлер бойынша төмендегідей болады:
-
Батыс өңірлерде: 2–7 градустан 0–5 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 3 градус аяз болуы мүмкін.
-
Солтүстік-батыста: 3–8 градус жылыдан 2 градус аяз – 3 градус жылы аралығында.
-
Солтүстік пен орталықта: 2–7 градустан 7–12 градусқа дейін жылынады.
-
Шығыста: 3–5 градус аяздан 3–8 градус жылыға дейін көтеріледі.
-
Оңтүстік-шығыста: 5–10 градустан 7–12 градусқа дейін жылы болады.
-
Оңтүстікте: 10–15 градустан 15–20 градусқа дейін жылы ауа райы күтіледі.
Көктемнің құбылмалы мінезіне қарамастан, жылы киініп, күн райына сай қамдану ұсынылады.
Фото: yuz.uz