Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермейтін заң қабылданады

Ел заңнамасына мемлекеттік тілді білмейтіндерді азаматтыққа қабылдаудан бас тартуды көздейтін түзету әзірленді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Alataunews.kz.

08.11.2022
Жаңалықтар

«Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуынша, аталған заңнамалық түзетулер Парламент депутаттары бастама жасаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Парламент депутаттарының түзетулеріне, Үкімет қорытындысының жобасына енгізілді.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттарының сауалында қоныс аударушылардың қос азаматтығын тексеруге және құқықтық іс-шаралар қабылдауға қатысты мәселелер көтерілген болатын.

Тегтер: қазақ тіліҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қонаевта №6 және №7 жағажайлар жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру жөнінде кеңес өткізді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойды

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Алматы облысында Наурыз жаңа форматта өтеді

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz