8 наурыз қарсаңында Қазақстанда ауа райы қолайлы болмақ: алдағы үш күнде еліміздің барлық өңіріне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді.
«Солтүстікте ауа температурасының көтерілуі күтілуде. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауса да, қатты желге қарамастан, ауа райы аса суық сезілмейді», – делінген хабарламада.